ҚГӘ бірлестік аясында 3 ақпан күні 7-8 сынып арасында “Жүзден жүйрік” зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Саты НМ “Алаш тобы” мен Малайсары мектебінен “Тархан ұрпақтары” атты оқушылардан құралған командалар қатысты.
Сайыс оқушылардың білім деңгейін арттыру, олардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, салт-дәстүрімізді ардақтауға, көпшілік алдында тартынбай сөйлеуге арналған тапсырмалардан тұрды . Оқушылар өте белсенділікпен қатысып, қызықты да тартысты сайыс өтті.
Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Өкешқызы